Мәдениет

Қазақконцерт онлайн режимде қызмет көрсетеді

18 наурыз, 10:1972
Автор: Elorda Aqparat

Коронавирусқа қатысты карантин жарияланып, мәдени-спорттық шаралардың барлығы тоқтатылғаны белгілі. Дегенмен мәдениет саласының қызметкерлері көрермендермен онлайн режимде қауышатын болды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Құрметті көрермендер! Сіздер концерттік іс-шараларға келе алмасаңыздар да, біз сіздерден алыстамаймыз! Алдағы уақытта әртістеріміздің үздік концерттерін, жаңалықтар мен қызық репортаждарды Қазақконцерттің YouTube каналынан тамашалай аласыздар. Еліміздің музыкалық өнерін насихаттауға, сіздермен әрдайым бірге болуға дайынбыз. Барлық уақытша сынақтар мен қиындықтарды тек түсіністік пен жауапкершілік танытып, бірге еңсереміз», делінген Қазақконцерттің instagram желісіндегі ресми парақшасында.

Барлық жаңалықтар мен концерттер туралы www.qazaqconcert.kz сілтемесі арқылы танысуға болады.




Наверх