Мәдениет

Қазақ ақынының «Киіз кітабы» француз тіліне аударылды

08 қаңтар, 10:0387
Автор: Elorda Aqparat
фото Ұлықбек Есдәулеттің Фейсбуктегі парақшасынан фото Ұлықбек Есдәулеттің Фейсбуктегі парақшасынан

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Ұлықбек Есдәулеттің «Киіз кітабы» француз тілінде жарық көрді. Бұл туралы ақын Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Ұлықбек Есдәулеттің «Киіз кітабы» француз тілінде жарық көрді.

«Француздың классик ақыны, аудармашы Атанас Ванчев де Траси мен ЮНЕСКО-дағы Қазақстан өкілінің орынбасары Асқар Сауытбекұлы Абдрахманов маған Парижде шыққан, бояуы кеппеген су жаңа кітабымды табыс етті. Кітаптың Париждегі тұсаукесері, бұйыртса, көктемде өткізілмек»,- деп жазады Ұлықбек Есдәулет.

 

 




Наверх