Билiк және саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті

19 наурыз, 14:4747
Автор: Elorda Aqparat

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі Akorda.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекеттер басшылары коронавирустың таралуына қарсы күресте өзара іс-қимыл мәселесін талқылады.

Президенттердің пікірінше, эпидемиямен күрес кезінде екі елдің атқарушы органдарының келісе отырып әрекет етуі маңызды.

Сонымен қатар тараптар Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың даму перспективасы жайында пікір алмасты.

Сооронбай Жээнбеков Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент қызметіне кіріскеніне бір жыл толуымен құттықтап, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа игі тілегін жолдады.




Наверх