Билiк және саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Атырау облысына барды

05 қыркүйек, 11:54334
Автор: Elorda Aqparat
Фото Берік Уәлидің Facebook парақшасынан Фото Берік Уәлидің Facebook парақшасынан

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Атырау облысына барды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Мемлекет басшысы облыстың мұнай сервистік кәсіпорындарының біріне барып, Қазақстанның мұнай-газ саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңейтілген кеңес өткізеді.

Сапар бағдарламасына сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысуы жоспарланған.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх