«Қазіргі уақытта музыкалық мектептер жасөспірімдер мен жастар сарайларының үйірме жұмыстары тоқтатылды. Олар тек кейбір бағыт бойынша қашықтан оқыту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Ал балабақшалардың бүгінде тек 5 пайызы ғана жұмыс істеп тұр. Ал педагогтарға онлайн оқыту жүйесін меңгеру жөнінде курстар өткізіліп жатыр. Бұл өте маңызды. Сондықтан біз мұғалімдердің цифрлық сауаттылығына көңіл бөлудеміз. Әр облыста қашықтан оқыту бойынша жобалық кеңселерді құрдық. Министрлікте де осындай жобалық кеңсе жұмыс істеп жатыр. Алдағы уақытта мониторинг жүргізіліп, сабақтың уақтылы шығуы бақылауға алынады», – деді Асхат Аймағамбетов.
Қоғам
Қашықтан өтетін сабақтың уақтылы жүргізілуі бақылауға алынады – Аймағамбетов

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ОКҚ-да өткен брифингте онлайн оқытуға дайындық туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо.
соңғы ақпараттар
-
31 наурыз, 16:30Бүгін түнде елордада 1 344 текше метр қар шығарылдыЖалпы осы уақытқа дейін барлығы 6 511 257 текше метр қар шығарылды
-
31 наурыз, 14:33Асхат Аймағамбетов онлайн оқытудағы 4 бағытты атады Білім және ғылым министрі онлайн оқытудың күрделі тұстарын түсіністікпен қабылдауға шақырды
-
31 наурыз, 14:30Жұмысынан айырылғандар 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік көмекті қай жерден тез біле алады