Қылмыс және оқиғалар, Өңірлер жаңалығы

Карантиннен қашып кеткен азамат қолға түсті

17 наурыз, 11:3982
Автор: Elorda Aqparat
фото интернеттен алынды фото интернеттен алынды

Түркістан облысында карантиннен қашып кеткен Шымкент қаласының тұрғыны тергеліп жатыр, – деп хабарлайды Елорда Инфо Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

10 наурыз күні ол Мәскеуден Алматы қаласына ұшып келген. Осы рейстегі жолаушылардың бірінде коронавирустың белгісі анықталған болатын. Сол себепті басқа да жолаушылар Қазығұрт аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына 14 күнге карантинге жіберілді.

Алайда тәртіпке көнгісі келмеген шымкенттік азамат ауруханадан қашып кетеді. Дереу іздеуге кіріскен полицейлер оны Арыс қаласындағы ата-анасының үйінен тапты. Сол жерден ол қайтадан Қазығұрт аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді.

Шымкент қаласының тумасы Вьетнамда жұмыс істепті. Әлемде коронавирустың салдары ушыққаны себепті Алматы қаласына Мәскеу арқылы транзитпен ұшып келген. Бұл жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабы «Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Полиция қызметкерлері істің толық мән-жайын анықтап жатыр.




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх