Өңірлер жаңалығы

Қарағандылық азамат үйінде қолтырауын асырайды

05 қыркүйек, 11:02147
Автор: Elorda Aqparat
фото интернеттен алынды фото интернеттен алынды

Қарағандылық сиқыршы Сергей Корогодов екі бөлмелі пәтерінде кішкентай қолтырауын ұстайды. Бұл туралы Елорда Инфо NV.kz газетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сергей Корогодов қолтырауынға Афанасий деп ат қойыпты.

«Өзім көрсететін шоуға түрлі аңдар мен жануарларды қатыстырамын деп шештім. Олардың кейбірі бір-бірімен мүлдем үйлеспейді. Қолтырауын - тропиктік жыртқыш. Оларды ызаландыруға болмайды. Бастысы, сақтық шараларын естен шығармау керек», - дейді ол.

Қолтырауын қазір 50 см жеткен, бір жарым метрге дейін өседі екен. Қазір оған арнайы террариум дайындалып жатыр.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх