Қоғам

Қанат Ислам елордалық көпбалалы отбасыға пәтер сыйлады (видео) 

20 қыркүйек, 16:35859
Фото: Elorda Aqparat Фото: Elorda Aqparat

Кәсіби боксшы Қанат Ислам елордадағы көпбалалы отбасыға пәтер сыйлады, деп хабарлайды Елорда Инфо. Ол бұл пәтерді сатып алуға 5 шілде күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен өткен «Қанат Исламмен бокс кеші» шарасынан жиналған қаражаттың бір бөлігін жұмсаған.

Жалғызбасты әрі көпбалалы ананың тағдыры туралы әйгілі спортшы «Ел-Несібе» қайырымдылық қоры» қоғамдық қорының өкілдерінен естіген. 

Фото: Elorda AqparatФото: Elorda Aqparat

Гүлшат Баяділова – 8 баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеп өсірген алтын құрсақты ана, «Күміс алқа» иегері. Жалға алған пәтерақысын төлеуге шамасы болмаса да, ол бір сәт те қол қусырып отырмаған. Тапсырыспен көрпе-жастық тіккен. Қыстың күндері коттедждің пешін жағып, жазғы уақытта үйдің ауласын тазалап, сол жерді тегін паналау үшін үй иелеріне шаруашылық жағынан барынша қолғабыс тигізген.

Фото: Elorda AqparatФото: Elorda Aqparat

Гүлшат Баяділова балаларымен бірге осы пәтерге кіргенде бұл оның өз үйі болатынынан бейхабар болыпты. Бұл оның меншік баспанасы екенін тек танымал боксшымен жолыққан кезде бірақ білген. Күтпеген жерден тосынсый болған қуанышты хабарды естігенде жалғызбасты ана көз-жасына ерік берді. 

Фото: Elorda AqparatФото: Elorda Aqparat

Көпбалалы анаға пәтер кілтін табыстаған былғары қолғап шебері Қанат Ислам баспаналы болған отбасыға өзінің жылы лебізін білдіріп, барлық қиындықтың артта қалғанын айтты.

Фото: Elorda AqparatФото: Elorda Aqparat

«Сіздер бұл бақытқа лайықтысыздар. Өздеріңіздің қиыншылықтарыңызға сіздер мемлекетті яки басқа да адамдарды кінәламадыңыздар. Балаларыңыздың игілігі үшін сіз жатпай-тұрмай еңбек еттіңіз. Сіз – мықты адамсыз. Балаларыңыз сізбен мақтануы керек», – деді Қ.Ислам.

Фото: Elorda Aqparat

Фото: Elorda Aqparat

Гүлшат Баяділова пәтерге кіргенге дейін баспаналы болатыны туралы қаперінде де болмаған. Ол демеушілер қыдырту үшін шақырып отыр деген оймен балаларын бірге ертіп шыққан екен.

Фото: Elorda AqparatФото: Elorda Aqparat

Фото: Elorda AqparatФото: Elorda Aqparat

Фото: Elorda AqparatФото: Elorda Aqparat

Айта кетсек, пәтер елорданың оң жағалауында, Сарыарқа ауданынан орын тепкен. Тосынсыйды ұйымдастырушылардың сөзінше, сыйға берілген пәтердің осы жерден таңдалуы бекер емес. Яғни бұл тұрғын үй балабақша мен мектепке жақын, ыңғайлы жерде орналасқан. Оның үстіне, пәтер барлық тұрмыстық техника мен қажетті жиһаздармен жабдықталған.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх