Қоғам

Қалалық әкімдікте коммуналдық қызметтер тарифіндегі өзгерістер түсіндірілді

06 ақпан, 11:46401
Фото Elorda aqparat мұрағатынан Фото Elorda aqparat мұрағатынан

Бүгін қалалық әкімдікте ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің басшысы Болат Танабергенов коммуналдық қызметтер тарифіндегі өзгерістерді түсіндірді, деп хабаралайды Елорда Инфо.

«2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Астана-Теплотранзит» АҚ жылу энергиясын беру және тарату бойынша тарифті 5 пайызға өсіріп, қазіргі таңдағы тариф халық үшін ҚҚС-сыз 2176,76 тг/кКал-ды құрады. Ал орташа өтімді тариф - 7,8 пайызға, басқа тұтынушылар үшін 10 пайызға қымбаттады. Сол секілді «Астана Су Арнасы» МКК сумен жабдықтау және су бұру бойынша тарифтерді жеке тұлғалар үшін 10 пайызға арттырды. Атап айтсақ, сумен жабдықтау бойынша орташа өтімді тариф ендігі уақытта - 91,54 тг/м3-ге (2,5 пайызға артты), жеке тұлғалар үшін - 40,79 тг/м3-ге, басқа тұтынушылар үшін 195,36 тг/м3-ге (қолданыстағы тарифтер деңгейінде) тең. Су бұру бойынша орташа өтімді тариф – 87,54 тг/м3-ді (2,5 пайызға артты), жеке тұлғалар үшін 34,86 тг/м3-ді, басқа тұтынушылар үшін 203,07 тг/м3-ді (қолданыстағы тарифтер деңгейінде) құрайды», - деді ол.

Сондай-ақ электр энергиясымен жабдықтау бойынша тарифтер де өсті.

«Аталған қызмет бойынша орташа өтімді тариф - 11,7 пайызға (14,10 тг/кВт сағ.), халық үшін - 10 пайызға (11,36 тг/кВт сағ.), басқа тұтынушылар үшін 16 пайызға (16,87 тг/кВт сағ.) жоғарылады. «Астанаэнергосбыт» ЖШС бағаның бұлай өсу себептерін энергия өндіруші және тасымалдаушы ұйымдар бағасының өсуімен байланыстырады», - деді Табиғи монополияларды реттеу комитетінің басшысы Болат Танабергенов.




Наверх