Тұрғын үй алаптары

Қала саябақтарын абаттандыруда тұрғындардың пікірлері ескеріледі

26 желтоқсан, 14:58770
Автор: Elorda Aqparat
фото қалалық әкімдіктен алынды фото қалалық әкімдіктен алынды

2020 жылы қала әкімдігі Есіл ауданындағы бірнеше саябақты абаттандыру жұмыстарын жоспарлап отыр. Осы ретте елорда тұрғындары саябақтарды абаттандыру жөнінде қоғамдық талқылау жиындарында өз пікірін білдіре алады, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

Қысқы уақыт – күн жылынғанға дейін құрылыс жұмыстарын жоспарлағанға жақсы. 2020 жылы Есіл ауданы әкімдігі «Пригородный» (Арнасай көшесі, №110 үй ауданы) тұрғын алабындағы және «Жансая» тұрғын үй кешенінің алдындағы саябақты абаттандыруды жоспарлап отыр. Осыған орай әкімдік қала тұрғындарын мәселені мамандармен талқылап, пікір білдіруге шақырады.

Сондай-ақ, Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы тарапынан Айғыржал, Мәди, Жанатай батыр және Исатай батыр көшелеріндегі саябақты абаттандыру жоспарлануда.

Айта кетсек, 20 желтоқсан күні Арнасай көшесінің бойындағы, яғни «Пригородный» тұрғын алабындағы саябақтың абаттандырылуы туралы №24 орта мектебінде, ал «Жансая» ТК алдындағы саябақты абаттандыру жөнінде Есіл ауданы әкімдігінде тұрғындардың талқылауы өтті.

Қоғамдық талқылаудан қалыс қалмаған Руслан Қонақбаев тұрғындардың пікірі маңызды екендігін атап өтті.

«Урбанистика орталығында Есіл аудандық әкімдігімен бірлесіп «Пригородный» тұрғын алабындағы саябақты абаттандыру жөнінде қоғамдық талқылау өтті. Талқылауда тұрғындар тарапынан қаттырақ айтылды. Бірақ шара сол үшін де ұйымдастырылды. Кездесудің пікірталасқа толы өткені, тұрғындардың белсенділігі қуантты. Осындай форматты жақсы тәжірибеге айналдыру керек», – деп жазды Fasebook желісінің қолданушысы Руслан Қонақбаев.

Келесі қоғамдық талқылау Айғыржал, Мәди, Жанатай батыр және Исатай батыр көшелеріндегі саябақты абаттандыру бойынша 28 желтоқсан күні №69 орта мектебінде өтпек.




Наверх