Қоғам

Қажылыққа қарызданып баруға болады ма – маман жауабы

18 шiлде, 15:42171
Фото интернеттен алынды Фото интернеттен алынды

Енді санаулы күндерден соң 3200 отандасымыз қажылық сапарға аттанады. Осы тұрғыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай Өтпенов қажылыққа барудың жөн-жоралғысымен таныстырып өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Қажылыққа бару үшін кейбір адамдар бір-бірінен қарыз немесе көмек сұрайды. Шариғат мұны қолдамайды. Яғни жағдайы келген адам қажылыққа бару керек. Қажылық дегеніміз – құлшылық. Ол барып демалатын орын емес. Болмаса ел көріп келетін жағдай емес. Қажылыққа барып келу бұл бір дәрежеге көтерілетін мансап емес. Осыны біз білгеніміз жөн», - деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай Өтпенов.

Оның айтуынша, қажылыққа баратын әрбір мұсылман бармас бұрын оның шарттары мен уәжіптерімен етене танысқан абзал.

«Әрине кез келген мұсылман пенде қажылыққа барғысы келеді, армандайды. Дегенмен қажылыққа бару кімге парыз екенін және оның міндеттерін біліп алғанымыз жөн. Алла Тағала қасиетті Құранда айтады: «Кімнің жағдайы келсе, сол адам өмірінде бір рет қажылық жасасын». Жағдайы деген сөз алдымен денсаулығы содан соң қаражат жағдайы көтерген адам. Себебі қажылықтың өзіндік қиыншылығы бар. Бұл Аллаға құлшылық жолындағы үлкен сапар. Яғни шарттары мен талаптарын осы күннен бастап, Қазақстанда жүріп, орындап ниеттенуі тиіс», - деді ол.

Бұған дейін хабарлағанымыздай биыл Қазақстаннан 3200 адам қажылыққа аттанады.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх