Қоғам

«Jas Otan» жастар қанатының коворкинг орталығы ашылды

13 желтоқсан, 17:54318
Автор: Elorda Aqparat
фото «Nur Otan» партиясының елордалық филиалы баспасөз қызметінен фото «Nur Otan» партиясының елордалық филиалы баспасөз қызметінен

ҚР Тәуелсіздік күніне орай «Nur Otan» партиясының елордалық филиалында Қазақстандағы алғашқы «Jas Otan» жастар қанатының коворкинг орталығы ашылды. Елордалық жастар жиналатын алаңның аумағы 100 шаршы метрден асады. Бұл туралы Елорда Инфо «Nur Otan» партиясының елордалық филиалы баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бірнеше ай бұрын жастар қанатының Open Space форматындағы кеңсесін ашқан болатынбыз. Бұл кеңсе бүгінде креативті және ұшқыр ойлы қалалық жастардың  орталығына айналып үлгерді.

Бүгінде «Jas Otan» жастар қанаты елордалық филиалының қатарында 25 мың адам бар, 16 университет пен 35 колледжде бастауыш ұйымдары ашылған, 107 қала мектептерімен тығыз байланыста жұмыс жасайды.

«Келесі жылдың наурыз айынан бастап политехникалық колледж студенттерімен бірге партия мүшелері ҰОС ардагерлерінің пәтерлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ, 2020 жылы елордада тұрмыстық және компьютерлік техниканы жөндеу шеберханасын ашуды бастаймыз. Жастарға осы партиялық бастамаларға белсенді қатысуға ұсыныс жасалды», - деді «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының Бірінші орынбасары Ерлан Каналимов.

Бүгін коворкинг - орталығының салтанатты ашылу рәсімі барысында партияның елордалық филиалы «Қазақстан менторлар одағы» РҚБ мен «KAZBRANDS» қоғамдық қорымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Құжат білім беру, ғылым және мәдениет мекемелерінің, Қазақстанның жастар ұйымдарының өкілдерімен байланысын кеңейтуді, сондай-ақ жалпы бағдарламаларды енгізуді, жастар мен балалар іс-шараларын өткізуді көздейді.

 




Наверх