Өңірлер жаңалығы

Исқалиев көпір құрылысы туралы: Билік бір жақты шешім шығармайды

12 қараша, 15:2456

Шаған өзені арқылы көпір салу мәселесін батыс жұртшылығы қараша айының соңына қарай тағы бір мәрте талқылайтын болады. Бұл туралы бүгін ОКҚ өткен баспасөз мәслихатында Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Исқалиев  айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Шаған өзені арқылы көпір салу мәселесіне келсек, біз ол жерде шағын аудан салуды жоспарлап отырмыз. Онда көптеген көпқабатты тұрғын үйлер мен мекемелер орналасады. Сондықтан бұл көпір бізге керек. Әлі ортақ шешімге келмедік, талқылаудамыз. Біз өз ұсынысымызды айттық, бірақ қоғам мүшелері оны қолдамады. Енді басқа нұсқа ұсынылады. Қараша айының соңында халықпен кездесу ұйымдастырылады, сонда бір шешімге келеміз деп ойлаймын», -деді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында аймақ басшысы.

Ол билік халықтың пікіріне құлақ асатынына тоқталды.

«Бұл ауқымды жоба, әрі өңір тұрғындарының барлығына қатысты. Билік біржақты шешім қабылдамайды», деп көрсетті өңір басшысы.




Наверх