Жолдау-2019

Жолдауда игі бастама көтерілді - Зәуре Жүсіпова

13 қыркүйек, 10:44413
Автор: Elorda Aqparat

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-­Жомарт Тоқаев 2 қыркү­йектегі Жолдауында қазіргі белең алып отырған әлемдік мәселелерге көңіл бөле отырып, адам санасының тұманданып, неше түрлі қылмыстың белең алып бара жатқандығын, біздің елімізге де ұшқынын тигізіп жатқан есірткі бизнесі, жеке адамдар мен балалаларға көрсетіліп жатқан зорлық-зомбылықпен күресудің маңыздылығын баса айтты. Санасыз әрекеттерге баратын қылмыскерлерге кез келген саналы азамат қарсы тұрып, жол бермеуі керек, бұл үшін тек құқық қорғау органдары ғана емес бүкіл қоғам болып күресуге мүдделіміз.

 

Мемлекет тарапынан ұстаздар да қолдау көретін кез жетті, сондықтан білім саласындағы Президент көтерген бастама, игі қадам нақты, шынайы түрде іске асқаны жөн. Бұл арнайы заңдармен бекітілуі қажет. Келесі бір мені ойландыратын мәселе – мемлекеттік тілдің жайы. Қазіргі таңда тіліміздің халық арасындағы сұранысы мүлдем төмен деңгейде. Кез келген басшы әлеуметтің мектепке сұранысын сараптап, бұл мәселені біліп отыр.Экологиялық болсын, экономикалық болсын, кез келген саладағы заңды құжаттар өмір талабына сай, мемлекет болашағын, ұлттың, ұрпақтың болашағын қамтуы керек.

Зәуре Жүсіпова, 

Нұр-Сұлтан қаласы

мәслихаты депутаты



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх