Қылмыс және оқиғалар

Жол ережесін бұзған астаналық азамат Бурабай ауданында қамауға алынды

04 наурыз, 10:5751
Автор: Elorda Aqparat
фото интернеттен алынды фото интернеттен алынды

Ақмола облысының автожолдарында 104 мас жүргізуші ұсталып, жауапқа тартылды, деп хабарлайды Елорда Инфо polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Бурабай ауданында мас күйінде көлік жүргізу фактісі анықталды. Елорда тұрғыны сегіз жылға автокөлік жүргізу құқығынан айырылды.

«Бірінші наурыз күні түнгі сағат 00.50 шамасында патрульдік полиция Щучинск қаласында рейд жүргізді. Олар жол қозғалысын қадағалау барысында 23 жастағы елорда тұрғыны тізгіндеген BMW көлігін тоқтатты. Полиция қызметкерлері тексеру кезінде жүргізушінің мас болғанын анықтады», - делінген ақпаратта.  

Тәртіп сақшылары бұзақыны автокөлік жүргізуден уақытша шеттетіп, оған медициналық куәландырудан өтуді ұсынды. Ал көлік жүргізушісі полицияның заңды талаптарын орындамаған әрі куәландыру рәсімінен өтуден бас тартқан.

«Нұр-Сұлтан қаласының тұрғынына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 613-бабы (ішкі істер органдары қызметкерінің талаптарын орындамау, мас күйін куәландырудан жалтару) бойынша хаттама толтырылды», - делінген хабарламада.

Екінші наурызда Бурабай аудандық соты тәртіп бұзушыға қатысты 15 тәулікке қамауға алу және сегіз жылға автокөлік жүргізу құқығынан айыру туралы қаулы шығарды. Биыл Ақмола облысында барлығы 104 мас жүргізуші жауапқа тартылды.




Наверх