Жолдау-2019

«Жігер» спорт клубының бапкерлері Жолдаудың басым бағыттарын талқылады

11 желтоқсан, 15:2687
Автор: Elorda Aqparat
фото интернеттен алынды фото интернеттен алынды

«Жігер» спорт клубында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауындағы басым бағыттарды талқылауға арналған жаттықтырушы бапкерлер құрамының отырысы өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Бапкерлер Президенттің Қазақстан халқына жасаған Жолдауын жылы қабылдады. Алдымен спорт клубының басшысы Азамат Хамзин баяндама жасады. Ел өміріне серпіліс беретін жағымды жаңалықтарға куә болып, қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттырып, халықтың əлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған жолдау туралы кеңінен əңгіме өрбітіп, өз пікірлерін ортаға салды.

«Жолдаудың әр  тармағы өзіндік ұсынар бағыт-бағдарымен дараланады. Анығырақ айтқанда, Жолдаумен танысу барысында бұрын талқыланбаған түрлі өзекті мәселелерді байқай аламыз. Сонымен қатар менің ерекше назарымды аударып, көңіліме аз да болсын үміт ұялатып, болашақ ұрпақтың жай-күйіне сеніммен қарай бастауыма себепкер білім аясында қозғалған тақырып, халықпен тиімді кері байланыс орнату, митингтер туралы заңнамалар, балаларға қатысты қылмыстарға қолданатын жазаны күшейту, еңбек өнімділігін арттыру, шағын бизнесті дамыту жағы, қоғамдық келісімді нығайту болды», - деді Азамат Хамзин.

Сондай-ақ мектепте 32 бапкер және 750 спортшы жаттықтырылатынын айтып өтті.

Жадыра Мұратбекова




Наверх