Қоғам

Жергілікті жұрттың жапа шегуіне жол бермеу керек – Ұлықбек Есдәулет

08 ақпан, 14:08417

Ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет Қордайдағы қақтығысқа қатысты өзінің пікірін білдірді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. 

«Мен бұл оқиға туралы осы жаңа ғана құлағдар болып, БАҚ-тарда жарияланған ақпараттарды енді оқып жатырмын. Масаншы ауылында бұзақылық орын алып, әлдекімдердің полиция қызметкеріне қол көтергенінен хабардар болғаныммен, бұл оқиға туралы егжей-тегжейлі ақпаратқа әлі де қанық емеспін. Сондықтан дәл қазіргі уақытта бұл туралы кесіп ештеңе айта алмаймын. Дегенмен бір айтарым, еліміздегі өзге ұлт өкілдері шаңыраққа қараулары керек. Қазақ ешкімді жатсынбады, әрдайым сырттан келгеннің бәріне құшағын жайды. Бірақ қазақтың кең пейілін, дархандығын, қонақжайлылығын басқаша қабылдап, басынғысы келгендердің пиғылынан жергілікті жұрттың жапа шегуіне жол бермеу керек. Оның соңы бәрібір жақсылыққа апармайды. Жалпы, осы оқиғаға кінәлі ретінде қазақ балалары жазықсыз қамалмаса екен деген тілегім бар. Бәрі заң аясында шешілуі тиіс», – деді Ұлықбек Есдәулет.  




Наверх