Спорт

Жартылай марафон: Әлем чемпионаты кейінге қалдырылды

30 наурыз, 15:4283
Автор: Elorda Aqparat

29 наурыз күні Гдыняда (Польша) жартылай марафоннан әлем чемпионаты жалауын желбіретуі тиіс еді. Ұйымдастырушылар жарыстың уақытын кейінге шегерді, деп хабарлайды Елорда Инфо оlympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Польша жерінде тұңғыш рет ұйымдастырылғалы отырған дода көктемнен күзге ауыстырылды. Коронавирус пандемиясына байланысты енді байрақты бәсеке 17 қазан күні өтеді.

Айта кетерлігі, әлем чемпионатын өткізуші ел ерлер мен әйелдер құрамасынан бес-бес спортшыдан қатыстырады.




Наверх