Қоғам

«Жанұя» орталығында мерекелік шара өтті

20 желтоқсан, 17:31227

«Жанұя» отбасылық институтын қолдау орталығында «Нұр-Сұлтан – қайырымды қала» акциясы аясында мерекелік шара өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Кәсіпкер ана» жобасының кәсіпкерлері мен блогерлер қатысқан шарада балаларға жаңажылдық сыйлықтар алу үшін арнаулы сертификаттар берілді әрі оларға арнап концерттік нөмірлер қойылды.

«Кәсіпкер ана» әлеуметтік жобасы – «Жанұя» отбасылық институтын қолдау орталығының маңызды жобаларының бірі. Бұл жоба аясында көпбалалы және жалғызбасты аналар, мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиелеп отырған аналар мен тұрмысы төмен әйелдер қысқамерзімді курсқа қатысып, кәсіп көзін ашуына мүмкіндік жасалған. Оқу мерзімі мамандық түріне қарай 1-3 ай аралығында болады. Онда маникюр, педикюр, хейр, мейкап, шугаринг, массаж, аспаз, кондитер, аспаздық, графикалық дизаин, копирайтинг сияқты мамандықтарды үйренуге болады.

«Мен жалғызбасты анамын, 5 балам бар. Қазан айында «Кәсіпкер ана» жобасына қатысып, әсемдік бұйымдар жасауды үйрендім. Меніңше, бұл бағдарлама отбасы, ошақ қасынан аса алмай отырған көптеген аналардың кәсіп бастауына жол ашады деп ойлаймын», - дейді жобаға қатсушылардың бірі Әлия Балмағамбетва.




Наверх