Мәдениет

Германияда суретші-гобеленші Батима Зəуірбекованың жеке көрмесі өтеді

21 қаңтар, 13:3567
Автор: Elorda Aqparat

24 қаңтарда Германияның Кельн қаласында әлем елдерінде көптеген жеке көрмелерін өткізген әйгілі суретші-гобеленші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Батима Зəуірбекованың жеке көрмесі ашылады, деп хабарлайды Елорда Инфо Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Батима Есмұратқызының гобелендері қазақ елінің аса құнды қазынасы. Б.Зәуірбекованың гобелен өнері өзіндік поэтикалық болмысымен, композициялық желісінің ерекше нәзік әуезділігімен және өмірлік философиялық терең тұжырымымен ел ішінде де, алыс-жақын шетелде де биік бағаланып, мойындалған.

50 жыл шығармашылық өмірінде Бәтима Есмұратқызы қазақ топырағында гобелен өнерін қалыптастырып, тұңғыш түлетушілердің бірі ретінде, ұлттық өрнекпен тоқыған еңбектері арқылы қазақ гобеленнің анасы атанды.




Наверх