«Бүгін Ы.Дүкенұлы мен Ш.Уәлиханов көшелерінің қиылысында орналасқан «Гарант» тұрғын үй кешеніндегі құрылыс жұмыстарын пысықтадық. Мұнда 170-ке жуық алданған үлескерлер бар. Бұл тұрғын үй кешенінің құрылысы 2011 жылы басталып, 2015 жылы проблемалық үйлердің санатына кірген болатын. Бұл үйді осы жылы жазда тапсыруды жоспарлап отырмыз», - деп жазды А.Қайсағалиев.
Бүгінде инженерлік-коммуникациялық желілер тартылып, әрлеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жақын арада кешен аумағын абаттандыру жұмыстары басталады.
Фото А.Қайсағалиевтің Instagram парақшасынан
«Президентіміздің тапсырмасына сәйкес алдағы 5 жылда елордалық үлескерлердің мәселесін толық шешу жоспарда бар. Қазір біз осы бағытта Үкіметпен бірге жұмыс істеп жатырмыз», - деді ол.