Спорт

Футболдан Қазақстан мен Армения арасындағы жолдастық кездесу өтпейтін болды

17 наурыз, 21:15152
Автор: Elorda Aqparat

Армения футбол федерациясы Қазақстанға қарсы өтетін жолдастық кездесудің кейінге шегерді, деп хабарлайды Елорда Инфо olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Коронавирустың көптеген елдерде етек жаюына байланысты Армения құрамасының жақын арадағы жолдастық кездесулері кейінге қалды. Өзбекстан-Армения (26 наурыз), Қазақстан-Армения (30 наурыз) матчтары өтпейтін болды. 17 наурыз күні УЕФА өзі ұйымдастыратын турнирлерге қатысты мәлімдеме жасайды. Наурыз айында өтетін 21 жасқа дейнгілер арасындағы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирлері де шегерілетін шығар», - делінген федерация сайтында. 

Айта кетелік, 27 наурызға Қазақстан командасы тағы бір матч жоспарлаған. Сол күні Қазақстан мен Литва құрамасы кездесуі тиіс болатын.   




Наверх