Қылмыс және оқиғалар

Ерлан Тұрғымбаев Алматыдағы ұшақ апатының негізгі себебін атады

30 желтоқсан, 10:53166

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұшақ апатына әкелуі мүмкін 3 себепті атады, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Қазір министрліктің тергеу тобы Алматы қаласында орын алған әуе апатының салдарын тексеруде. Апатқа әкелудің 3 нұсқасы қарастырылуда. Бірінші - экипаждың қателігі, екінші - борттан техникалық ақау шығуы мүмкін және үшінші салдар навигациялық қызметтің жұмысы. Қазіргі уақытта әуе лайнерін демонтаждау жұмысы және оқиға орнын қарау жұмыстары жүріп жатыр. Ұшақ әуежай аумағына жеткізіліп, егжей-тегжей тексеріледі. Қуанышқа орай, жанармай багы зақымданған ұшақтың сол қанатында жалындау болмады, жанармайдың жартысы ұшақтың астына төгілген. Қыс мезгілі және қар болғандықтан өртке ұласпады және бұл адам шығынының аз болуына себеп болды. Қазіргі апаттан зардап шеккен 46 адам ауруханада жатыр. Ал қайтыс болғандардың саны 12», - деді ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Еске сала кетсек, бұған дейін ұшақтың қара жәшігін ресейлік сарапшы мамандар тексеретінін хабарлаған болатынбыз.




Наверх