Билiк және саясат

Ерлан Каналимов жаңа қызметке тағайындалды

10 шiлде, 15:101020
Автор: Elorda Aqparat
Фото авторы Василий Крась Фото авторы Василий Крась

Елордалық Саяси кеңес бюросының ұсынуымен Nur Otan партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымына Ерлан Каналимов тағайындалды, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

Ерлан Каналимов әр жылдары қала әкімдігінің құрылымында басшылық қызметтер атқарды. Атап айтқанда, Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы, Байқоңыр ауданының әкімі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

Айта кетейік, Nur Otan партиясы қалалық филиалын Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов басқарады.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх