Қоғам

Елорданың коммуналдық қызметі қала көшелерін ылғалды тазалауға кірісті

29 наурыз, 12:55155
Автор: Elorda Aqparat

Елордалық коммуналдық қызметі қала көшелерін тазалау жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Коммуналдық қызметтер көшелерді көктемгі тазалауға кірісті. «Астана Тазалы» ЖШС Нұр-Сұлтан қаласындағы жолдарды және тротуарларды жуу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ қысқы балшықтан жол қоршаулары, белгілері, контейнерлері тазартылуда.

«Астана Тазалық» хабарлағандай, жұмыстар қардан толығымен тазартылған көшелерде жүргізіледі. Бүгін елордада Орталық магистральды көшелерде жуу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, көшелерді ылғалды жинау көктемгі-жазғы кезеңде жүргізіледі.




Наверх