Қоғам

Елорданың коммуналдық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеуде – А.Қайсағалиев

18 қаңтар, 01:45110
Фото авторы: Динара Киндербаева Фото авторы: Динара Киндербаева

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев қаланы қардан тазалауға түнгі ауысымға шыққан коммуналдық қызмет мамандарының жұмысын қадағалады, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

Фото авторы: Динара КиндербаеваФото авторы: Динара Киндербаева

«Қар жауғанда алдымен автомобиль жолдары мен жаяу жүргіншілер жолдары және мектеп, аурухана сияқты әлеуметтік нысандарға апаратын жолдар тазартылады. Қаланы қардан тазартуда күнделікті 1500-ден аса техника мен коммуналдық қызмет мамандары жұмылдырылады. Көбінесе тазалық түнгі уақытта жүргізіледі. Сол сияқты қарды қала сыртына да түнгі уақытта шығарған ыңғайлы. Өйткені көшелерде көлік көп болмайды. Ал күндізгі уақытта бұл жұмыстар біраз қиындық тудырады. Дегенмен қар тазалығы үздіксіз жүргізіледі», – деді Алтынбек Қайсағалиев.

Фото авторы: Динара КиндербаеваФото авторы: Динара Киндербаева

Қала басшысының орынбасары елордалықтарды коммуналдық қызмет мамандарының жұмысына түсіністікпен қарауға шақырды.

«Тұрғындардың жайлылығы үшін және олардың жұмысқа немесе басқа да діттеген жеріне кешікпей баруы үшін көшелерді коммуналдық қызмет мамандары күні-түні үш ауысымда дамылсыз тазалайды. Соңғы екі күн ішінде қалада қалың қар жауды. Әлі де жауып жатыр. Күн боран. Бірақ коммуналдық қызмет мамандары соған қарамастан үш ауысыммен үздіксіз жұмыс істеп жатыр. Сондықтан қала жұртшылығынан жұмысшылардың бұл адал еңбегін бағалап, сабырлылық танытып, тазалық жұмысына түсіністікпен қарауларын сұраймыз», – деді ол.

Фото авторы: Динара КиндербаеваФото авторы: Динара Киндербаева

Оның айтуынша, былтырғымен салыстырғанда биыл қар қалың. Мәселен, өткен жылы осы уақытқа шығарылған қар көлемі 1 млн 200 мың текше метр болса, биылғы қыс басталғалы бері полигонға 1 млн 850 мың текше метр қар шығарылған. Яғни осы жылғы көрсеткіш былтырғы кезеңмен салыстырғанда 45 пайызға көп.

Фото авторы: Динара КиндербаеваФото авторы: Динара Киндербаева

Фото авторы: Динара КиндербаеваФото авторы: Динара Киндербаева

Фото авторы: Динара КиндербаеваФото авторы: Динара Киндербаева

Фото авторы: Динара КиндербаеваФото авторы: Динара Киндербаева

Сондай-ақ бүгінде Есіл ауданына қарасты екі полигонның қарға толғанын айтқан Алтынбек Қайсағалиев сол жағалауда тағы 2 полигонның, сонымен қатар әр ауданда бөлек-бөлек полигонның бар екенін тілге тиек етті.




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх