Қоғам

Елордалық уикенд: Демалыс күндері қайда баруға болады?

21 ақпан, 16:13241
Автор: Elorda Aqparat
Фото интернеттен алынды Фото интернеттен алынды

Алдағы демалыс күндері қала тұрғындары мен қонақтары конкурстар мен театрландырылған қойылымдарды тамашалап, фестиваль мен концерттерге қатыса алады, деп хабарлайды Елорда Инфо қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Бүгін сағат 19:30-да құрлықтық хоккей лигасы чемпионаты аясында «Барыс» пен «Салават Юлаев» командалары кездеседі. Бұл хоккейшілердің әр матчы ерекше бәсекелестік рухын көрсетеді. Екі командаға жеңіс керек, демек ойын қызыққа толы болмақ.

Осы күні жарты сағаттан соң «Jekpe-jek» сарайында Азия кубогы аясында баскетболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Палестина құрамасымен кездеседі.

Сенбі таңғы тоғызда аптаның басты спорттық оқиғасы –  «Бұрқасын-2020» шаңғы фестивалі басталады. Жарыс шаңғы роллер трассасында өтеді (Astana Park Hotel).

22 ақпанда «Астана» концерт залында «MEGA HIT» тобы өзінің тыңдармандарына XX және XXI ғасырлардағы танымал орындаушылардың хиттерін ұсынады. Концертте Адельдің «Hello» және «Rolling In The Deep», Рианнаның «Russian Roulette», Вейонстың «Crazy In Love», М.Джексонның «We Are The World», Виктор Цойдың «Кукушка» секілді әндері орындалады. Концерт сағат 18:00-де басталады.

Сенбі күні сағат 18:30-да «Nomad City Hall» театрында қазақ классикалық қойылымдарының бірі «Қыз Жібек» көрермендерге ұсынылады. Эпостың 16 нұсқасы бар. Пьесаның бүгінгі таңдағы өзектілігі қандай? Төлегеннің өліміне Бекежан шынымен кінәлі ме, әлде баласына бата бермеген әке кінәлі ме?

Осы сенбіде М.Горький атындағы орыс драма театрында «Крылатая исповедь вольных сердец» қойылымы орындалады. Көрермендер С.Сейфуллиннің, І. Жансүгіровтің, Б.Майлиннің өлеңдерін тыңдай алады. Поэзия кеші сағат 18:00-де басталады.

23 ақпан сағат 12:00-де «Астана Опера» театрының ұжымы елорда тұрғындары мен қонақтарын «Түрлі дауыстар әлемі» концертіне шақырады. Концертте Хамиди, Бизет, Верди, Россини, Моцарт, Холминов, Леонкавалло шығармаларынан танымал ариялар мен дуэттер орындалады. Концерттік бағдарламада «Астана Опера» балалар театр студиясының хоры да бар.

23 ақпан сағат 17:00-де «Астана Опера» театрында «Евгений Онегин» қойылымы орындалады. Чайковский өзінің алғашқы қойылымын Мәскеу консерваториясының студенттеріне тапсыруды ұйғарды. Сөйтіп, 1879 жылы наурызда «Евгений Онегин» тұсаукесері өтті. Көп ұзамай опера Мәскеудегі Үлкен театрдың, Санкт-Петербургтегі Мариинскийдің сахналарында қойылып, ең танымал туындылардың біріне айналды.

М.Горький атындағы орыс драма театры жексенбі сағат 18:00-де «Аралас сезім» қойылымына шақырады.

«Мен бұл оқиға кез келген көрерменге таныс әрі түсінікті болады деп ойлаймын, өйткені пьеса махаббат, кәрілік, балалармен қарым-қатынас сияқты жалпыға ортақ дүниелерді қамтиды. Менің туындым махаббат пен сенім күйін сақтауға тырысатындарға үміт береді деп сенемін», - деп жазды қойылым авторы Ричард Баер.

Сондай-ақ жексенбі күні сағат 16:00-де «Астана» концерт залында «Күн шеңбері» халықаралық орыс мәдениеті фестивалі өтеді.




Наверх