Қылмыс және оқиғалар

Елордалық полицейлер суға батып бара жатқан адамды құтқарды 

11 шiлде, 09:17433
Автор: Elorda Aqparat
Видеодан скриншот Видеодан скриншот

Есіл өзенінде суға батып бара жатқан ер адам құтқарылды, деп хабарлайды Елорда Инфо Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

«10 шілдеде сағат 18.00-ге жуық Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті жедел басқару орталығынынң «102» желісіне жаяу жүргінші өтетін көпірдің маңында суға батып бара жатқан ер адам туралы хабар келіп түсті. ЖБО инспекторы электрмобильде қызмет атқарып жүрген полиция лейтенанты Роман Байділдин тез арада жетіп, суға кіріп, ер адамды алып шықты. Оған көмекке келген полиция капитаны Мейрамхан Құсайынов пен тағы да бірнеше азамат көмектесті. Сол азаматтарға алғыс айтамыз», - делінген департаменттің хабарламасында.

Нұр-Сұлтан қаласы ПД Жедел басқару орталығының бағыттауымен Патрульдік полиция қызметкерінің оқиға орнына дер кезінде жеткендігінің арқасында қайғылы жағдай орын алған жоқ.

Қазіргі уақытта ер адам Есіл аудандық ПБ оқиғаның анық-қанығына көз жеткізу үшін жеткізілді. Белгілі болғаны суға батып бара жатқан уақытта ол мас күйінде болған. 

Еске салар жайт, Нұр-Сұлтан қаласының полиция лейтенанты Роман Байділдиннің бұл адам құтқарудағы бірінші әрекеті емес.

Осы жылдың ақпан айында ол өз әріптесімен бірге қызмет барысында аялдамада жүрек талмасымен құлап қалған 65 жасар Серікбай Бокушевты дер кезінде аман алып қалған.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх