Қоғам

Елордалық оқушылар Алғыс айту күніне орай бауырсақ таратты

28 ақпан, 16:02347

Бүгін №84 мектеп-лицейінде Алғыс айту күніне орай «Қазақ халқына мың алғыс» мерекелік шарасы өтті. Оқушылар мен мұғалімдер көркем фильм, концерттік бағдарламаны тамашалап, шараны бауырсақ таратумен жалғастырды, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

Шараға 700-ге жуық оқушы қатысты. Балалардың жартысы көркем фильм тамашаласа, екінші жартысы бауырсақ мерекесінде ұлттық тағамды үлестірді.

«Нұр-Сұлтан қаласының №84 мектеп-лицейі Елбасының ақ батасымен 2016 жылы ашылды. Содан бері біздің мектебімізде әртүрлі ұлттардың балалары оқып, тәрбие алып жатыр. Алғыс айту күні жарияланғаннан бастап білім ордасында әртүрлі іс-шаралар өткізіледі. Биыл балалар мен ата-аналарға бауырсақ мерекесін ұйымдастырып жатырмыз. Оқушылар көтеріңкі көңіл күйде үйінен әкелген бауырсақтарды үлестіруге білек сыбана кірісіп кетті. Осы ретте мен барлық оқушыларыма, олардың ата-аналарына, ұстаздар қауымына шексіз алғысымды білдіргім келеді», - деді №84 мектеп-лицейінің директоры Зәуре Жүсіпова. 

Оның айтуынша, білім ордасында қазақ балаларымен қатар, 49 өзге ұлт өкілі тәлім алады.

«Біздің мектепте әртүрлі ұлт өкілдерінің балалары оқиды. Олардың жалпы саны – 49. Атап айтқанда, 4 бала – БАӘ азаматтары. Олардың барлығы қазақ сыныбында білім алуда. Одан бөлек, татар, корей, өзбек, украин, орыс, неміс және өзге де ұлт өкілдері бір үйдің баласындай мектебімізде тәлім алып жатыр», - деді мектеп директоры.




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх