Қоғам

Елордалық құтқарушылар қала сыртындағы қар құрсауында қалған 23 адамды құтқарды

17 қаңтар, 22:2293
Автор: Elorda Aqparat
Дереккөз: ТЖД баспасөз қызметі Дереккөз: ТЖД баспасөз қызметі

Елордалық құтқарушылар қала сыртындағы қар құрсауында қалған 23 адамды құтқарды, деп хабарлайды Елорда Инфо Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада боран соғып, ауа райының күрт өзгеруіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бүгін сағат 16.30-дан бастап барлық қарааралық тас жолдың жабық екенін хабарлаған болатын.

Білім басқармасының шешімі бойынша 17 қаңтарда 1 ауысым үшін 0-4 сынып және 2 ауысым үшін 0-9 сынып сабақтары тоқтатылды.

Мамандардың мәліметінше, "112" қызметінің шұғыл телефонына 17 қаңтарда сағат 00.00-ден бастап 1 525 қоңырау келіп түскен. Оның 85 пайызы –тасжолдың ашылуы мен сабақты тоқтату мәселелері бойынша қоңыраулар.

Орта жолда қар құрсауында қалған жолаушыларға көмектесу үшін астаналық құтқарушылар Трэкол, Нива-Марш техникаларымен көмекке шыққан.

Айта кетсек, Қазгидрометтің деректері бойынша, 18 қаңтарда да Нұр-Сұлтан қаласында қар жауып, оңтүстік-батыстан боран соғып, жел екпіні түнде 15-20 м/с болуы мүмкін.

Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарына қала сыртына шығудан бас тартып, қырағы болуды, ауа райының өзгеруі және енгізілген шектеулер туралы ақпаратты қадағалауды ұсынады.

Сонымен қатар 112 қызметі тас жолының жабылғаны туралы ақпаратты СМС хабарламалар арқылы, Smart Astana қосымшасында, Instagram әлеуметтік желілерінде (@nursultan_tjd) көруге болады. Сондай-ақ "Дармен" қосымшасын жүктеп алсағыз, жолдың ашылуы мен жабылуы туралы жедел хабарлама келеді.

 ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынады:

– мұқият болыңыз, ауа-райының өзгеруі туралы ақпаратты және енгізілген шектеулерді жіті қадағалаңыз;

– көшеде бағандардан, ағаштардан, жарнамалардан, ЭЖЖ және сымдардан алыс жүруге тырысыңыз;

– жеке автокөлігіңізді ағаштар мен ескі құрылыстардан алыс қойыңыз;

– құрылыс нысандары қолайсыз ауа райы жағдайы әсерінен аумақтарды және тұрғындарды қорғау, құрылыс алаңдарында мүмкіндігінше құрылыс-монтаж жұмыстарына шектеу  бойынша қосымша шараларды қабылдау қажет.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалыңыз!




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх