Қоғам

Елордалық жастарға 150 бос жұмыс орны ұсынылды

13 ақпан, 17:32322
Автор: Elorda Aqparat
Фото: Елорда әкімдігінің ресми сайты Фото: Елорда әкімдігінің ресми сайты

Бүгін елордада жоғары курс студенттері, білім беру ұйымдарының түлектері мен жұмыссыз жастарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Қазақ технология және бизнес университетінде өткен жәрмеңкеде 30 жұмыс беруші 150-ден астам бос жұмыс орнын ұсынды. Оның ішінде «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университеті, «Нұрбанк» АҚ, Нұр-Сұлтан  қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ, «Bazis Construction» ЖШС, «ПИК ЮТАРИЯ LTD» ЖШС, «Sa Belle» сән үйі және басқа да мекемелер бар.

Ұсынылған бос жұмыс орындары арасында маркетолог, заңгер, инженер, сату бөлімінің басшысы, мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман, дизайнер, кредиттік кеңесші және менеджер, журналист, қаржыгер, өндірістік бөлімнің меңгерушісі, жүйелік әкімші, бухгалтер, слесарь-жөндеуші, SММ-менеджер, сату жөніндегі директор секілді мамандар сұранысқа ие болды.

Кез келген адам құнды кеңестер алып, жұмысқа орналасуға мүмкіндік беретін шараға 200-ден астам адам қатысты.

Айта кетсек, осындай жәрмеңкелер жыл бойы қаланың ірі жоғары оқу орындарында өтетін болады.




Наверх