Қоғам

Елордалық дәрігерлерге 200 миллион теңге сыйақы бөлінді 

31 наурыз, 12:55212
Автор: Elorda Aqparat
Фото интернеттен алынды Фото интернеттен алынды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов медицина қызметкерлерінің жұмысына тоқталды, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Қазір 170 автобус рейске шығып жатыр. Олар бірінші кезекте медицина қызметкерлерін тегін тасымалдайды. Біз медицина қызметкерлері үшін жеке қонақүй бекіттік. Карантинде жұмыс істейтінін ескере отырып, олар үйіне бармайды. Бұл бірінші кезекте дәрігерлеріміздің және олардың жақындарының, отбасы мүшелерінің қауіпсіздігі үшін жасалып отыр. Сондықтан біз барлығын мемлекет есебінен қамтамасыз етіп отырмыз. Біз дәрігерлерді қорғап, қолдап, оларға алғыс айтуымыз керек. Бүгін Президент тапсырмасымен стационарларда жұмыс істейтіндерге, денсаулығын тәуекелге тіккендерге шамамен 200 миллион теңге сыйақы бөлдік», - деді А.Көлгінов Tengrinews.kz-тің Instagram-дағы аккаунты арқылы берген онлайн сұхбатында. 

Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі тұмау белгілері бар адамдарға кеңес беріп, елордадағы коронавирустың таралу ошақтарын атаған болатын.

Қымбат Елтайқызы




Наверх