Жолдау-2019

Елордадағы спорт мектебінде Жолдауды талқылауға арналған кездесу өтті

21 қараша, 17:36214
Автор: Elorda Aqparat

Қаланың барлық мекеме-ұжымдарында ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

Осындай шараның бірі олимпиадалық (дзюдо, таеквондо, каратэ-до) және олимпиадалық емес (шинкиокушинкай каратэ, киокушинкай кан каратэ, муайтай, қазақ күресі, джиу-джитсу, белбеу күресі, самбо) спорт түрлері дамытылатын «№7 БЖМСМ» КММ мектебінде ұйымдастырылды. Оны білім ошағының кадр бойынша инспекторы Гаухар Шоқаева өткізді. Аталған шараға мектептің жаттықтырушылары мен спортшылары қатысты. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары Жолдаудың Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі тармағына арналды.

«Мемлекет басшысы Жолдауда «Халықтың денсаулығын жақсарту мәселесі айрықша назар аударуды талап етеді. Барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту маңызды. Спорт инфрақұрылымының балалар үшін барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық дене шынықтыруды өркендету ісі жаңа чемпиондар шыңына шығатын пирамидаға айналуы тиіс. Бұл салауатты әрі белсенді жастардың, түптеп келгенде, қуатты ұлттың негізін қалыптастарды» деген, сондықтан біздің ұжым Президентіміз алға қойып отырған осы міндеттерді орындауға барлық күш-жігерін салуы тиіс» деп атап өтті Гаухар Шоқаева.

 

 

Дәулет АСАУОВ

 




Наверх