Қоғам

Елордадағы карантин: Тұрғын үйді жумайтын ПИК-ке айыппұл салына ма?

19 наурыз, 12:07164
Автор: Elorda Aqparat

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустың таралуын болдырмау және инфекция бойынша ағымдағы жағдайға арналған баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен «Қалада көптеген пәтер иелері кооперативі әкімдіктің дезинфекциялау туралы талабын орындамайды, кейбір үйлер жуылмайды, ПИК-ке айыппұл салына ма?» деген сұраққа жауап берді.

«Қазір айыппұл салатын уақыт емес. Өйткені қазір төтенше жағдай режимі. Әрине біз ескерту жасаймыз. Себебі пәтер иелері кооперативінің де жауапкершілігі бар», - деді Б.Мәкен Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Айта кетейік, 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин режимі енгізілді.

 

Қымбат Елтайқызы




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх