Қоғам

Елордадағы жарықтың болмауы: Шығынды кім өтейді

11 қараша, 19:4481
Фото интернеттен алынды Фото интернеттен алынды

Қазіргі уақытта «Бәйтерек» монументі мен «Москва» бизнес орталығын жарыққа қосу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі. 

«Бүгінде қала әкімінің орынбасары Ермек Қизатовтың басшылғымен арнайы комиссия құрылды. Және ол жұмысын бастады. Сондықтан жақын уақытта өрттің шығу себебі анықталады. Комиссия шешімі дайын болған сәтте жарияланатын болады. Сол шешімге сәйкес, орын алған оқиғаға қатысты тиісті шаралар қабылданады. Оның ішінде қылмыстық істе қозғалуы мүмкін», – деді Нұр-Сұлтан қаласы Отын -энергетикалық кешені және коммуналдық басқармасының басшысы Ернат Бәзіл әкімдікте өткен баспасөз мәслихатында. 

Сондай-ақ басқарма басшысы осы уақытқа дейін жарық болмаған жеке кәсіпкерлердің шығынын өтеуге қатысты түсініктеме берді. 

«Иә, сол жағалаудағы бірнеше сауда орталықтары мен дүкен, мейрамханалар жарықсыз қалып, жұмыстары жүрмей қалды. Өздеріңіз естігендей, бүгін Мемлекет басшысы осы оқиға бойынша арнайы комиссия құрып, мәселенің мән-жайын анықтауды тапсырды. Комиссия тиісті жұмысты атқарып, шешім шыққан соң ғана олардың шығындарын өтеу мәселесі қаралады», – деді ол.




Наверх