Экономика

Елордадағы 1 538 кәсіпорынның 30 пайызы ғана жұмыс істеп тұр

28 наурыз, 12:4077

Қазіргі уақытта елордадағы 1 538 кәсіпорынның 30 пайызы ғана жұмыс істеп тұр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық сұрақтар жөніндегі орынбасары Бейсен Жолболдиев әкімдікте өтіп жатқан брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо

«Төтенше жағдай кезіндегі карантинге байланысты кәсіпкерлер палатасының жанынан жедел штаб құрылды. 1 538 кәсіпорын бойынша сауалнама жүргіздік. Соның қорытындысы бойынша бізде осы кәсіпорындардың 30 пайызы ғана жұмыс істеп жатыр. Ал қалған жұмыстары уақытша тоқтатылған кәсіпорын жұмысшыларына мемлекет тарапынан 42 мың теңге көлемінде бір айлық еңбекақы төлеу жоспары қарастырылып жатыр. Сонымен қатар уақытша жұмысын тоқтатқан ірі сауда орталықтарындағы орынды жалға алатын шағын кәсіп иелеріне бір айға жалға алу құнын төлетпеуге шешім шығарылды», – деді ол.




Наверх