Қылмыс және оқиғалар

Елордада заңсыз маска сатуға шектеу қойылады

21 наурыз, 21:40171
Автор: Elorda Aqparat
Дереккөз: қала әкімдігінің ресми сайтықз142 Дереккөз: қала әкімдігінің ресми сайтықз142

Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасының үйлестіруімен қала аумағында уақытша шектеу кезінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ медициналық дәрі-дәрмектерді, бетперделерді және басқа да тауарларды заңсыз сату әрекеттерін алдын алу және тоқтату үшін мобильдік топтар құрылды, деп хабарлайды Елорда Инфо

Топ құрамы прокуратура, полиция және мемлекеттік кіріс қызметкерлерінен тұрады.

"Бүгінгі күні аталған топтармен «olx, satu.kz және т.б." сайттарында жарнамалар жариялау арқылы және басқа да жолдармен 5000-нан астам медициналық, респираторлық бетперделер мен 1200 литрден жоғары антисептикалық құралдар жоғары бағамен сату бойынша 15 фактісі анықталды. Одан басқа, рейдтік іс-шаралармен төтенше жағдайдың бұзылуы (жұмыс тәртібін сақтамауы) бойынша 48 дерек анықталды. Анықталған бұзушылықтар бойынша әкімшілік істер қозғалды. Алынған заттар сот жүзінде тәркіленетін болады. Осы бағытта жұмыстар жалғасуда», – делінген Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасының хабарламасында.




Наверх