Қоғам

Елордада төтенше жағдай режимін бұзған 369 адам жауапқа тартылды

31 наурыз, 10:59333
Автор: Elorda Aqparat

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов карантин кезіндегі заң бұзушылықтар туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Карантин режимінің күшейтілгеніне қарамастан кейбір азаматтар қоғамдық тәртіпті бұзып, қажетсіз көшеде жүрген. Үш күн ішінде, яғни 28-30 наурызда 307 адам полицияға жеткізілді, оларға қатысты әкімшілік жаза қабылданды. 2 мыңнан астам профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұдан басқа, карантин режимі басталғаннан бері, 22 наурыздан бастап төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 369 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 86-сы қамауға алынды, 202 адамға айыппұл салынды, 64 адамға ескерту жасалды, 17 іс сотта қаралуда. Сонымен қатар, блок бекеттерінде 98 адам жазаға тартылды. Оның ішінде 80 адам қамауға алынды, 14 азаматқа айыппұл салынды, 4 іс сотта қаралуда. Карантин режимін бұзғаны үшін 116 кәсіпкер жазаға тартылды. Оның ішінде бесеуі қамауға алынды, 102 адамға айыппұл салынды, 9 іс сотта қаралуда», - деді Е.Сәденов әкімдікте өткен брифингте.

Бұдан басқа, полиция «Сергек» камералары арқылы жүргізушілер мен автокөліктердің деректерін және оларды үй-жұмыс бағыты бойынша базаға енгізді. Өз бағдарын бұзғандар заңнамаға сәйкес жазаға тартылатынын ескертеді. Карантин режимі кезінде үйден шықпауды талап етті.

Қымбат Елтайқызы




Наверх