Мәдениет

Елордада мыңға жуық өнерпаз бақ сынайтын көше биі фестивалі өтіп жатыр

06 шiлде, 12:12586
Автор: Elorda Aqparat
фото интернеттен алынды фото интернеттен алынды

Нұр-Сұлтан қаласының орталық алаңында кешелі-бүгін International Street Dance Session (ISDS) көше биінің кезекті халықаралық би фестивалі өтіп жатыр, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

Фестиваль қала әкімдігінің қолдауымен және «UNITED» продюсерлік орталығының ұйымдастыруы жасалуда. Бас қаланың мерейтойына орай ұйымдастырылып отырған фестивалге биыл елімізден және шетелдерден 1000-ға тарта өнерпаз қатысуда. Өнер сайысы топтық және жекелеген нөмірлер бойынша өткізілуде. 

Бишілер Hip-hop, Popping, House, Waacking, Dancehall, Locking және т.б. үлгіде сайысады. Жарыс әр жас айырмашылықтары бойынша 32 номинацияда ұйымдастырылған. Оларға Қазақстаннан басқа, Франциядан, Бразилиядан, Жапониядан келген танымал биші-хореографтар төрешілік етуде.

Фестивальдің финалы кешкі сағат 19.00-де болады. Оның жалпы жүлде қоры – 2,5 млн теңге. Бас жүлдеге 1 млн теңге тігілген.

Дәулет АСАУОВ



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх