Астанаға 20 жыл

Елордада мерекелік сауданың сатушылары бірыңғай формаға көшті

04 шiлде, 17:37698
Автор: Elorda Aqparat

Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының бастамасымен Астананың 20 жылдығын тойлау кезінде көшпелі мерекелік сауда нысандарының сатушылары бірыңғай киім үлгісіне көшті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Бұл сатып алушыларға заңды немесе заңсыз саудамен айналысып жатқан саудагерлерді ажыратуға, сондай-ақ киім түсіне байланысты кәсіпкерлердің қандай қызмет түрін көрсетіп тұрғанын ажыратуға мүмкіндік береді. Мысалы, аспаздық өнімдерді саудалайтын сатушылар ақ түсті формамен шығады, кофе сататындар – қоңыр, ал балмұздақ саудасындағылар көк түсті киім үлгісін киеді. 

Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар




Наверх