Тұрғын үй алаптары

Елордада құрылыс қарқынын арттыруға қосымша құрылысшылар тартылады

14 тамыз, 08:53190
Автор: Elorda Aqparat
Фото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat Фото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Қала әкімі Алтай Көлгінов «Лея Уют» және «Мирный дом» проблемалық деп танылған нысандардың тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Елорда Инфо әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

Мәселен, «Мирный дом» үлестік тұрғын үй кешенінің құрылысын бастау үшін 5 учаскедегі құрылыстарды бұзу қажет. Тұрғындардың жалпы саны 279 адамды құрайды. Нысан 2013 жылы проблемалық деп танылды. Қазір үйдің жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде.

Фото авторы Александр Куприенко/Elorda AqparatФото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Фото авторы Александр Куприенко/Elorda AqparatФото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

«Лея Уют» тұрғын үй кешенінде 44 үлескер бар. Үй тұрғындарының қатарына басқа тұрғын үйдің 20 үлескерін қосқан болатын. Пәтер саны - 110.

«Бізде 20-ға жуық құрылысшы жұмыс істейді. Жобалық-сметалық құжаттама бар, сараптамадан өттік. Жоба бойынша паркинг бар, ол 72 орынға есептелген», - деді құрылысшы.

Фото авторы Александр Куприенко/Elorda AqparatФото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Фото авторы Александр Куприенко/Elorda AqparatФото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Қала әкімі А.Көлгінов құрылыс қарқынын арттыру және жұмысқа тағы да құрылысшыларды тарту қажеттігін атап өтті.

«Жұмыс кестесін нақты мерзімдермен құру керек. Мәселен, сіз құрылысшы ретінде бірінші, екінші, үшінші айларда қандай жұмыстарды атқарасыз және т.б. Жұмысты міндетті түрде күн сайын жүргізіп тұру қажет», - деді қала әкімі А.Көлгінов.

Елордада 10 мыңнан астам үлескер, 51 проблемалық тұрғын үй бар. Бір жарым ай ішінде қала әкімі 38 үлестік құрылыс нысанын аралады.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх