Мәдениет

Елордада кітап алмасу күні өтеді

14 қазан, 18:54472
Автор: Elorda Aqparat

Бас қаладағы №5 балаларға арналған кітапханада (Ш. Құдайбердіұлы даңғылы, 25/3) кітап алмасу күні өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо

«Астаналықтарды 26 қазан күні сағат 11:00-13:00-де кітапханаға шақырамыз. Бұл жерде сіз жай ғана кітап алмасып қоймай, ой-пікірлеріңізбен бөлісе аласыздар. Кітап алмасу сағат 12:00 мен 13:00 аралығында өтеді. Сіз өзіңіз әкелген кітаптар санымен бірдей кітаптар ала аласыз. Дегенмен ұйымдастырушылар өз қалауы бойынша кітаптарды қабылдамауға құқылы. Кіру тегін», – деп жазылған Мәдениет және спорт басқармасының Facebook парақшасында. 

Кітап алмасу шарттары: 

– кітап алмасуды ұйымдастырушылардың кітаптарды қабылдауы (11:00-12:00) 

Кітап тапсырғаннан кейін сіз олардың саны көрсетілген билет аласыз.
Қандай кітаптар әкелуге болады: 

– Көркем әдебиет (классика және қазіргі заманғы әдебиет);

– балалар мен жасөспірімдер әдебиеті; 

– психология, философия; 

– өзін-өзі дамыту бойынша кітаптар; 

– іскерлік әдебиет. 

Қандай кітаптар әкелуге болмайды:

– арнайы салаға қатысты әдебиет; 

– ғылыми әдебиеттер, энциклопедия; 

– нашар жағдайдағы кітаптар. 

Кітап алмасу шарасына қатысты қосымша мәліметтерді +7 (747) 674-48-69 телефон нөмірі арқылы білуге болады. 



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх