Қоғам

Елордада жазасын өтеп келген азаматтарды кәсіпкерлікке тарту мәселесі қаралды

11 қыркүйек, 17:5096
Автор: Elorda Aqparat
фото авторы Сұлтан Сейітов/ Elorda Aqparat фото авторы Сұлтан Сейітов/ Elorda Aqparat

Жазасын өтеп шыққандар арасында кәсіпкерлік қызметті дамыту және жұмыс орындарымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен конференция өтті. Жиынға пенециарлық жүйе қызметкерлері қатысып, жазасын өтеп келгендер арасында кәсіпкерлікті дамыту, олардың несие алуына жағдай жасау сияқты мәселерді талқылады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Көп жылдардан бері сотты болған азаматтарға психологиялық, медициналық көмек алып, құқықтық қолдау көрсетіп келеміз. Ал абақтыдан шыққан азаматтар үшін жұмысқа орналасу оңай емес. Дегенмен осы санаттағы азаматтарға арналған жұмыс орындарын ашу үшін кәсіпкерлікті дамытудың да маңызы өте зор екені айтқым келеді», – деді «Оңтайландыру технологиялары мен тұжырымдамалары» қоғамдық қорының директоры Орынбасар Құлжабаева.

Осы мақсатта қаламызда тағдыры бұралаң болғандарға арналған «22-72-01» сенім телефоны жұмыс істеп тұр, жүзден аса адам жұмысқа тұрып, 38 азаматқа әлеуметтік көмек көрсетілген, 32 адам жеке кәсібін ашып, 15 адамға медициналық қызмет көрсетілген, одан бөлек үш адамның құжаттарын қалпына келтіріп, жыл басынан бері 855 адамды қабылдап, түрлі кеңес берілген екен.

«Осы жүйедегі бірлесе атқарылып жатқан жұмыстардың арқасында жазасын өтеп шыққандар жұмысқа орналасып, олардың әлеуметтік бейімделуінде ілгерілеушілік бар. Сотталған азаматтарды жұмысқа алуға көп мекемелер құлықты бола бермейді. Қалыптасқан көзқарасты бұзып, жазасын өтеп келгендерге мүмкіндік беру керек. Басқаша болған жағдайда олар тағы да қылмысқа барып, заңды басып өтіп жатады», – деді Нұр-Сұлтан қаласы прокурорының аға көмекшісі Ерлан Имеков.

 

Айгүл Уайсова 



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх