Қоғам

Елордада жастарға кеңес беру күні өтеді

17 ақпан, 18:3947
Автор: Elorda Aqparat

Ертең «Астана жастары» КММ, жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен елорда жастарына тегін консультациялық көмек көрсетіледі, деп хабарлайды Елорда инфо қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Аталған шара «Астаналық» сауда кешенінде сағат 11.00-де басталады. Әрбір азамат өзінің қалаған сұрағымен «Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы», «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы», «Жұмыспен қамту орталығы», «Медиацияны дамыту орталығы» және басқа да мекемелердің өкілдеріне жолыға алады. Сонымен қатар кәсіби заңгер мен психолог маманы консультациялар жүргізеді.

Іс-шараның өткізілу мақсаты – жастарды қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан және жас қазақстандықтарға бағытталған мемлекеттік бағдарламалармен таныстыру және қала тұрғындарына жеке сұрақтар бойынша консультациялық көмек беру.




Наверх