«Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ Нұр-Сұлтан қаласының ПБ Әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп, «Астана қаласының тұрғын үй алаптарында инженерлік желілердің құрылысы. Мичурин тұрғын алабы. Интернациональный тұрғын алабы. Су құбырының сыртқы инженерлік желілері» Айнакөл – М.Төлебаев қиылысы және М.Төлебаев – Р.Қошқарбаев көшелерінің қиылысында су құбыры желілерін орнату бойынша жұмыстар жүргізуді жоспарлап отыр», - делінген басқарманың хабарламасында.
Осыған байланысты 2-25 қазан аралығында көрсетілген учаскеде көліктердің қозғалысы жартылай жабылады.
Елорданың тұрғындары мен қонақтары кептеліс тудырмау үшін жол қозғалысы бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.