Қоғам

Елордада «Біз біргеміз» акциясы аясында 100 отбасыға көмек көрсетілді

10 ақпан, 20:38358
Автор: Elorda Aqparat
Фото: Елорда әкімдігінің ресми сайты Фото: Елорда әкімдігінің ресми сайты

Бүгін қалалық волонтерлер қатарына енген Медицина-техникалық колледждің студенттері көпбалалы ана Сұлушаш Тұрланның ауласын қардан тазалауға көмектесті, деп хабарлайды Елорда инфо қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Волонтерлер штабы жыл басынан бері акция аясында 100 отбасыға көмек көрсетті.

Қазіргі кезде 7 бағыт бойынша  волонтерлерді қабылдау жұмыстары жүргізіліп жатыр:

- «Саулық» жобасы аясындағы медициналық волонтерлік  – науқасты күтуге көмек көрсету;

- «Таза әлем» жобасы – қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазалау, ағаш отырғызу, қоқысты сұрыптауға үйрету;

- «Асыл Мұра» жобасы – халқымыздың материалдық және рухани мәдени-тарихи мұрасын сақтауға волонтерлерді тарту;  

- «Қамқор» жобасы қарттар үйлеріндегі еріктілердің жұмысына бағытталған;

- «Білім» жобасы – ауылдық мектептердің жоғары сынып оқушыларына ҰБТ-ға дайындық, ағылшын тілі мен компьютерлік сауаттылыққа оқыту бойынша волонтерлік көмек.

- «Үміт» жобасы – екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 75 жылдығына орай отандастарымыз  туралы баяндайтын құжаттарды іздеуге бағытталған.  




Наверх