Қоғам

Елордада «Бір әлем – бір өмір» «One world – one life» халықаралық жастар балы өтеді

17 желтоқсан, 18:00225
Автор: Elorda Aqparat
Фото: aktobetv.kz Фото: aktobetv.kz

18 желтоқсанда  Жастар жылы аясында «Бір әлем – бір өмір» «ONE WORLD – ONE LIFE» атты Халықаралық жастар балын өтеді, деп хабарлайды Елорда инфо шараның Ұйымдастыру комитетіне сілтеме жасап. 

«Жобаның мақсаты қасиетті де киелі қазақ елінің тамыры тереңге жайылған тарихын, өнеге мен тәрбиеге тұнған салт-дәстүрін, сәулеті мен дәулеті күн санап дамып келе жатқан Елордасын дүниежүзіне таныстыру. Жер бетіндегі әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың мәдениеті және өнері арқылы бір-біріне деген құрметтерін, сүйіспеншіліктерін арттыру, олардың тұлға ретінде рухани кемелденуіне ықпал ету, заманауи, жаңашыл, шығармашыл, қайырымды, адамгершілік қасиеті биік жаһан жастарының ортасын қалыптастыру.  Жігерлі жастардың бас қосуы арқылы жаһандық мәселелер жай-күйін шешуге үндеу жасау, нәтижелі қайырымдылық шараларын жүзеге асыру, игі шаралардың санын арттыру», - делінген хабарламада. 

Нұр-Сұлтан қаласының жастары мен әлем жастары көпшілік назарына «Полонезадан» бастап, «Жастар вальсіне» дейін барлық би түрлерін ұсынатын болады. Әр түрлі сала мамандары дәрігерлер, мұғалімдер мен мемлекеттік қызметкерлер, журналистер мен режиссерлар, өндірістің қызметкерлері және т.б. құралған елордалық жастар бір ай көлемінде түрлі қайырымдылық жұмыстарымен айналысты. Соның ішінде олар қарттар үйі мен балалар үйінде әдемі рухани кеш ұйымдастырып, «Жүректен жүрекке» акциясы аясында әлеуметтік жағдайы төмен 100 отбасыға материалдық көмек көрсетті.

Биыл елорда жастарымен бірге балдың халықаралық деңгейін айқындайтын Ресей, Қытай, Нигерия, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Украина, Индонезия, Венесуэла елдерінен дебютанттар қатысуға ниеттерін білдірді.

Хабарламаға сәйкес, «ONE WORLD – ONE LIFE» жобасы еліміздің танымал, мәдениет және қоғам қайраткерлерінің қатысуымен «The Ritz Carlton» қонақ үйінде сағат 19.00-де басталады. Кеште дебютанттармен бірге отандық және халықаралық танымал жұлдыздар өнер көрсететін болады.




Наверх