Мәдениет

Елордада башқұрт мәдениетінің күні өтеді

30 қазан, 12:44135
Автор: Elorda Aqparat
Фото интернеттен алынды Фото интернеттен алынды

Елордада 2 қараша күні Достық үйінде башқұрт мәдениетінің күні өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2019 жылғы 2 қарашада сағат 16:00-де Достық үйінде (Б.Момышұлы даңғылы, 24/9) Башқұртстан Республикасының құрылғанына 100 жыл толуына орай елордалық «Акбузат» башқұрт этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен Башқұртстан Республикасы Әкімшілігінің, Башқұртстан Республикасы Мәдениет министрлігінің және Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен башқұрт мәдениеті күні өтеді», - делінген хабарламада.

Кеш қонақтары этнографиялық көрме мен башқұрт ас үйімен танысып, концерттік бағдарламаны тамашалай алады.

Шараға Башқұртстан Республикасынан келген қонақтар, елордалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары қатысады.




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх