Экономика

Елордада азық-түліктің кейбір түрін сатып алуға шектеу қойылды

19 наурыз, 18:08239

Нұр-Сұлтан қаласы инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмырзаев қалада тағы бір шектеу енгізілгенін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Бүгінгі күні сауда желілерінде шектеулер бар. Бір чекте май бес литрге дейін, қант, ұн, жарма және тағы басқа сол сияқты тауарлар бес келіге дейін болуы керек. Яғни, бір чектегі әр тауар түрі бес келіден аспауы тиіс», - деді Бекмырзаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Бұған дейін Ерлан Бекмырзаев бас қалаға бір миллион маска қашан әкелінетінін айтқан болатын.

19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин режимі енгізілді.

 

Қымбат Елтайқызы




Наверх