Қоғам

Елордада автотұрақ жеткілікті – басқарма

22 қаңтар, 10:27176

Бас қаладағы мәселерлердің бірі – автокөліктердің тұрағы. Халықтың саны артқан сайын көліктің де саны артып, тиісінше автотұраққа деген сұраныс та артуда. Миллионнан астам халқы бар қаланың автотұрағына қатысты Нұр-Сұлтан қаласы Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Уранхаев өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Біз эскиздік жобаны келіскен кезде, онда автотұрақтардың орны нормаға сәйкес болады. Айтар болсақ, көпқабатты тұрғын үйде 300 адам тұрса демек автотұрақтар орны соған сәйкесінше салынады. Бұл жерде тұрғын үйдің санатына қарайды. Сондай-ақ, эскиздік жобада жазылғандай, әрбір 1 мың адамы бар тұрғын үйге тағы 40 қонаққа арналған автұрақ болуы тиіс. Бұның барлығы жазылған. Бұл аталған автұрақтардың барлығы бар. Шынына келгенде қалада автотұрақ орындары жеткілікті. Автотұрақ жетіспейді деген иллюзия. Өйткені, тұрғындардың көбісі көліктерін далаға қояды», - деді Н.Уранхаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатынан соң тілшілердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, қалада елорда мәртебесін алған жылдары 200 мыңға жетпейтін көлік болса, қазіргі таңда оның саны 500 мыңнан асып кетті.




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх